Ақтөбеде зауыт аумағында күйдірілген тас көмір қоймасы өртенді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде зауыт аумағында өрт шықты. Металлургия пештеріне отынға қолданатын күйдірілген тас көмір қоймасы жанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде зауыт аумағында күйдірілген тас көмір қоймасы өртенді

Бүгін сағат 14:15-те кезекші бөлімге хабарлама түсіп, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағына өрт сөндірушілер жіберілді.

Мұнда металлургия пештеріне отынға қолданатын күйдірілген тас көмір қоймасы жанды.

Өрт сөндіруге 9 техника мен 35 адам жіберілді.

Сонымен бірге жеке өрт сөндіру қызметінен 2 техника және 8 адам көмектесті.

Өрт 15:30-де сөндірілді.

«Отқа оранған қойманың ауданы - 250 шаршы метр. Адам шығыны жоқ. Облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға, өрт тіркелсе 101, 112 телефон нөміріне хабарласуға шақырады»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.