Ақтөбеде көзі тірі жалғыз соғыс ардагеріне 2 млн теңге беріледі

майдангерлер
Фото: Астана әкімдігі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облысында көзі тірі жалғыз соғыс ардагері қалды. Василий Грецкийге биыл 2 140 000 теңге беріледі.

Жеңіс күні соғыс ардагерімен қатар тың еңбеккерлері мен соғыс ардагерлерінің жесірлеріне де әлеуметтік төлем қарастырылды. 

— Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің жесірлеріне 100 мың теңге, кейбір ауданда мәслихат шешіміне байланысты 150 мың теңге беріледі. Сонымен бірге соғыс кезінде жараланып, контузия алып, мертігіп, ауруға шалдығып, қайтыс болған адамдарының зайыбына 150 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне 100 мың теңге тағайындалды. Соғыс қатысушыларына, соғыс кезіне жаралану, контузия алып, мертігіп, ауруға шалдығуына байланысты мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген басқа да соғыс қимылындағы адамдарға 230 мың теңге беріледі, — Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Бекболат Иманғалиев.

Соңғы жаңалықтар