Ақтөбеде «Жаңа үй Ақтөбе» ЖШС-ның бұрынғы директорына қатысты қылмыстық іс тексеріліп жатыр

АҚТӨБЕ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе қалалық сотында «Жаңа үй Ақтөбе» ЖШС-ның бұрынғы директорына қатысты қылмыстық істі алдын алу тыңдауға арналған жабық отырыс болды,
None
None

деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Іс бойынша, 2008-2009 жылдары «Жаңа үй Ақтөбе» ЖШС директоры мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілеттілігі болған, ол азаматша мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған үйлерді тұрғындарға беру ережесін бұзып, қызметтік бабын пайдаланған. Тағы бір ақтөбелік азаматша оған тұрғын үй алуға құқықтары жоқ және 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға заңмен бекітілген уақыт ішінде арыз бермеген адамдарды үй берілетін халықтың қатарына тізімдеуге көмектескен, делінеді облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осылайша заң мен бағдарламаға қатысушы басқа адамдардың мүдделері бұылған, мемлекетке 131,6 млн. теңге көлеміндегі материалдық шығын келді.

Соңғы жаңалықтар