Ақтөбеде жанармайы таусылып, жолда қалған 4 жолаушы құтқарылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қарлы күні жүруге арналған көлікпен сапарға шығып, жолда қалған жолаушылар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға 3 қаңтар күні сағат 16:00-де тіркелді. Мәртөк ауданының Саржансай ауылынан шыққан бір отбасы құтқарушылардан көмек сұраған. Қарда жүретін көліктің жанармайы таусылып, олар далада қалып қойған.

«Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінен 6 адам, бір техника жіберілді. Хлебодар ауылдық оругінен бір адам барды. Сағат 20:06-да далада қалғандар табылып, құтқарылды. Олар Қурайлы ауылына жеткізілді. Жолда ыстық шәй беріліп, жылытылды. Медициналық көмекті қажет етпеді. Төрт адамның екеуі - бала», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметкері Сабина Серікова.



Соңғы жаңалықтар