Ақтөбеде жаңбыр жауып, күн күрт жылынады — Қазгидромет

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ертеңнен бастап Ақтөбеде күн күрт жылынып, жаңбыр жауады. Қазгидромет ескерту жасады.

Осень листья Күз жапырақтар дождь жаңбыр
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Қазгидромет» РМК Ақтөбе облыстық филиалының мамандары 13 наурыздан бастап облыстың басында, солтүстігінде жаңбыр жауатынын хабарлады. Жауын бірнеше күнге созылады әрі күн жылынады. 

— 14-15 наурыз күндері облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады. 17 наурызда тәулік бойы, 18 наурыз түнде облыстың солтүстігінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, күнбіз 8-13 градус жылы болады. 14 наурыздан бастап түнгі ауа температурасы 0 градустан жоғары болады деп күтіліп отыр, — деді «Қазгидромет» мекемесінің жетекші инженер-гидрологі Айдана Кулкенова.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шалқар ауданы Бозой ауылында күн күрт жылып, көшелерге су жиналды. Су сору жұмыстарына 16 техника жұмылдырылды.

Былтыр Ақтөбеде 22 наурыздан кейін күн күрт жылынып, жолдарды су шая бастады.

Соңғы жаңалықтар