Ақтөбеде жарамсыз күйге түскен субұрқақтар биыл жөнделеді

Субұрқақ
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде екі жыл бұрын жөндеу жұмысы басталып, арты сотқа ұласқан субұрқақтар биыл жөнделеді. Ол үшін қалалық бюджеттен 522 млн теңге қаржы бөлінді.

Ақтөбе қаласында 22 субұрқақ бар. Биыл жұмыс істеп тұрғанын күтіп ұстауға 25 млн теңге жұмсалуы мүмкін. Қазір мемлекеттік сатып алу туралы конкурс жарияланғанымен, әлі күнге дейін мердігер мекеме анықталған жоқ. Ал қаланың қақ ортасында орналасқан Сулы-жасылды бульвардағы субұрқақты, саябақты қалпына келтіру жұмысы биыл жалғасады. 

Субұрқақ
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

- 2022 жылы жөндеу жұмысы басталғанымен, аяқсыз қалды. Сол құрылыс биыл аяқталады. Мердігер – «Шалқар бастау» ЖШС-і. Бұл мердігерге сот арқылы міндет қойылды,- деді Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова.

Субұрқақ
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Оның айтуынша, қаладағы «Нұр Ғасыр» орталық мешіті, Әбілқайыр хан бойындағы және облыстық сот, Бөкенбай батыр көшесіндегі субұрқақтар қалпына келтіріледі, жөнделеді. 

Субұрқақ
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Еске салсақ, былтыр қаладағы саябақтың, субұрқақтардың күйін жазған болатынбыз. 2021 жылы Сулы-жасыл бульварды абаттандыруға 84,4 млн теңге бөлініп, жұмсалды. 2022 жылы «Ротонда» нысанындағы әріптер қайта түсіп, келісімшарттың кепілдік міндеттемелері негізінде қайта қалпына келтірілді. 2023 жылы бұл маңдағы субұрқақтар мүлде жарамыз күйге түсті. 

Айта кетейік, қаладағы өзге субұрқақтар мамыр айында іске қосылады.

Субұрқақ
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар