Ақтөбеде жарылыс болған үйді жөндеу жұмысы келер жылға қалды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Бес қабатты үйдің үш подъезін қалпына келтіруге арналған жобалық-сметалық құжат сараптамадан өтіп жатыр. Пәтер иелері үй ішінде қалған мүлкін ТЖД қызметкерлерінің көмегімен алып шыға алады.

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігі бүгін Абай даңғылы №24/1 үйдің тұрғындарымен кездесті. Мұнда демонтаждау жұмыстары бір аптадан кейін басталады. Ақтөбе қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ақтөбегражданпроект» жобалау компаниясы қалпына келтіруге арналған жобалық-сметалық құжаттама жасап жатыр. Ал демонтаж жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы қазіргі уақытта сараптамада. Құжат қыркүйек айының соңында, яғни, бір аптадан кейін дайын болады.
- Жақын күндері жарылыс салдарынан құлаған подъезді бөлшектеу жұмыстары жүреді. Оған дейін осы үш подъезде пәтерлері бар тұрғындар қалған мүліктерін төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен бірге барып ала алады. Жүк көлігімен қамтамасыз етуге көмектесеміз, - деді қала әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бисембин.
Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімі Баянбек Қырықбаевтың айтуынша, биыл үйдің бір подъезін бөлшектеу жүргенімен, оны салу жылы келер жылға қалды.
Еске салсақ, маусымда Ақтөбеде көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты.
Қылмыстық кодекстің «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу» бабы бойынша қозғалды. https://kaz.inform.kz/news/aktobedeg-zharilis-kilmistik-s-kozgaldi-9d99d1/ Үй бюджет қаржысы есебінен жөнделеді.