Ақтөбеде жасөспірім іздестіріліп жатыр

полиция рация
Фото: Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе қаласында 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр. Ол бүгін 17:00 шамасында үйінен шығып кеткен.

Ақтөбе қаласы Заречный-1 тұрғын алабының тұрғыны бүгін сағат 17:00-де үйден шығып кеткен. Ерекше баланы іздеу жұмысына полиция мен еріктілер жұмылдырылды. 

іздеу
Фото: Ақтөбе облысы ПД

- Кәрім Жетіру үйінен шығып, хабар-ошарсыз кетті. Қазір іздеу жұмысы жүріп жатыр. Баланы көрген-білген адам полицияға хабар берсе болады,- деп хабарлады Ақтөбе қаласы ПБ бастығы Әсет Қалиев. Жасөспірім футболка және іші киіммен, шығып кеткен деп хабарлады еріктілердің іздеу тобы. 

Айта кетейік, қазір Ақтөбе қаласында күн күркіреп, жаңбыр жауып тұр. Іздеу жұмысы жан-жақты жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар