Ақтөбеде жастар және жасөспірімдер арасында жекпе-жектен ел біріншілігі өтеді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 11-14 наурыз күндері аралығында Ақтөбеде спорттық жекпе-жек түрлерінен ел біріншілігі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жастар және жасөспірімдер арасында жекпе-жектен ел біріншілігі өтеді

Жастар және жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан біріншілігіне 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 300-ге жуық спортшы қатысады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жарыс көрерменсіз өтеді. Спортсүйер қауым жас палуандар арасындағы бәсекені әлеуметтік желі арқылы көре алады.

«Ақтөбелік жас спортшылар жарыс алдында оқу-жаттығу жиынын өткізді. 10 күндік жиында жастар физикалық, айла-әдіс жағынан шеберліктерін шыңдады. Өткен жылы біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Биылғы меже чемпиондық атаққа ие болу. Шәкірттерімнің де алға қойған мақсаты сол. Жарыс болған соң болжау қиын. Десе де біздің құрама спортшылары мықтылығын дәледейді деп сенемін», - дейді Ақтөбе облысы құрамасының бапкері Алтынбек Мақашев.

Жарыс ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аясында өтеді.