Ақтөбеде Жасыл ел және құрылыс жасақтары жұмысын бастады
- Ақтөбе облысында «Жасыл ел» және құрылыс жасақтары жұмыс істеп келе жатқан 10 жыл ішінде 50 мыңнан астам жас жұмыс атқарды. Бұл шараға Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, М. Оспанов атындағы медицина университеті, С.Бәйішев атындағы университет, Ақтөбе политехникалық колледжі, Көлік және технология колледжі сынды оқу орындары белсене атсалысты.
Еңбек науқаны кезінде 2,5 мың бала жұмысқа тартылмақ. Биылғы жылы біз елді мекендерді абаттандыруға және жасылдандыруға тек студенттер ғана емес, сондай-ақ жұмыссыз жүрген ауыл жастарын да тартудамыз. Біз облыстағы инвестициялық нысандарда жазғы маусымда жұмыс жасау үшін 3 мыңға жуық жұмыс орнын сақтап қойып отырмыз.
Сендердің жетістіктерің - басқа балаларға үлгі», - деді әкім жастарға.
Содан кейін оқу озаттары мен белсенділер салтанатты түрде облыс әкімінің стипендиясымен марапатталды.
Облыс әкімінің 120 мың теңге көлеміндегі стипендиясы ЖОО-ның 183 студентіне берілсе, ал колледждің 114 студентіне 60 мың теңгеден берілді.