Ақтөбеде жаяу жүргінші көз жұмды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жолды кесіп өтпек болған жүргіншіні көлік қағып, 63 жастағы тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Ақтөбе қаласының маңында болды. «ToyotaAvensis» маркалы көліктің 59 жастағы жүргізушісі Бауыржан Момышұлы даңғылымен жүріп, Бейбітшілік көшесі бағытына қарай қозғалған. Автоқалашық аялдамасы маңында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 63 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергей басталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шұбарқұдық ауылы мен Қандыағаш қаласы арасында жол-көлік апаты болып, төрт адам ауруханаға түсті, жолаушы көз жұмды. ВАЗ-2114 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі ауылдан Қандыағаш қаласы бағытында келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Сол кезде «Nissan Teana» автокөлігімен соқтығысқан.


Соңғы жаңалықтар