Ақтөбеде жедел жәрдем бригадасына жол бермеген жүргізушілер жазаланды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Жыл басынан бері 6 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Әрқайсысына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Жедел жәрдем көліктерінің тапшылығы: жағдайы күрделі өңірлер анықталды
Коллаж: Kazinform/ DALL-E

Ақтөбе полициясы дабыл белгісі қосылған көліктерге, оның ішінде жедел жәрдемге жол беруге шақырды. Мұндай құқықбұзушылық жиі болмаса да тіркеліп тұрады.

— Жыл басынан бері Ақтөбе қаласында жедел жәрдемге жол бермеген 6 жүргізуші жауапқа тартылды. Мәселен 23 шілде күні жедел жәрдем қызметі шұғыл шақыртуға бара жатты. Сол кезде Toyota Prado автокөлігінің жүргізушісі дабыл белгісіне қарамастан жол бермей, қозғалысын жалғастырған. Оқиға орнында болған патрульдік полиция экипажы жүргізушіні тоқтатып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 598-бабы бойынша хаттама толтырды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Заңға сәйкес арнайы қызмет көліктеріне жол бермегендерге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл талапты барлық жүргізуші сақтауы тиіс.

Еске салсақ, Ақтөбеде ондаған мопед айып тұрағында тұр. Мопед жүргізушілері мемлекеттік тіркеуден өтпей, көлік басқарған. Мұндай 100-ден астам дерек анықталды. 

Соңғы жаңалықтар