Ақтөбеде жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа омбы қарды кешіп барды

жедел жәрдем
Фото: видеодан алынған кадр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысы Хромтау ауданында жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуға жарты жолдан жаяу барды.

Ақтөбе облысында әлі де боран соғып тұр.

Өңірдегі бүкіл коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Соның ішінде жедел жәрдем қызметі де көп қиындыққа тап болды.

Хромтау ауданының орталығында бір бригада көлікті орта жолда қалдырып, жүрегі сыр берген науқасқа жаяу жетті. 

- Хромтау қаласында жүрегі ауырып жатқан науқастан шақырту түсті. Жарты жолға көлікпен жетіп, кейін оны тастап, жаяу шықтық. Себебі көшені қар басып қалған екен. Қарды омбылап, кешіп жүруге туралы келді. Сол кезде мен «аса қиын жағдай болмаса шақырту маңызды емес» дегенге келтіріп, видео түсірдім. Әрі облыстағы диспетчерлерге жолда екенімізді, науқасқа түсіндіріп айтуды сұрадық. Жаяу жарты сағат па, бір сағаттай ма жүрдік. Жел қатты болып, алға жылжу қиынға соқты. Әрі 2-3 қадам аттаса, бір-бірін таппай қалды. Сол күні бәрі түсіністік танытты. Негізі шақыртуға өзіміз бардық, ал жол жабық, жете алмаған жерде төтенше жағдай қызметкерлері жіберілді,-деді аға фельдшер Сая Рысбай.

Ол 2020 жылдан бері жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді. Әрі ауданда төтенше жағдай жиі болатынын жасырмады. 

Сая Рысбай
Фотода Сая Рысбай. Жеке мұрағатынан

- Аудан Самара-Шымкент тасжолының бойында орналасқан. Мұнда төтенше жағдай жиі болады. Кейде жол-көлік апаттары болған жерге де барамыз,- деді ол. 

Ақтөбе облыстық жедел жәрдем қызметі бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталинның айтуынша, қазір бәрі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар