Ақтөбеде жекеменшік үй ауласында болған жарылыс себебі тергеліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 21 шілдеде сағат 12-лерде 39 жастағы қала тұрғыны 102 телефонына хабарласып, таңғы сағат 4 шамасында жекеменшік үй ауласында жарылыс болғанын хабарлаған.

Оқиға орнына жедел қызмет келгенге дейін Заречный полиция бөлімінің тергеу тобы, учаскелік инспекторлар жетіп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын көшіріп, аумақты қоршауға алды. Барлығы 20 адам, оның ішінде 5 бала қауіпсіз жерге шығарылды. «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімше саперлері қызметтік итпен үйлерді, аумақты тексерді. «Жарылыс фактісі бойынша ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама тағайындалды. Сот алды тексеру жүргізілуде», деп хабарлады Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар
telegram