Ақтөбеде жел электр стансасының құрылысына 100 адам тартылады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Бадамша ауылында екінші жел электр стансасының құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Инвесторлар 33 миллиард теңге салып, Қарғалы ауданының орталығы Бадамша ауылында жел электр стансасын іске қосты.
2018-2020 жылдары жобаны жүзеге асыруға 300 адам қатысты.
«ARM WIND» ЖШС-і 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жел электр станциясы құрылысының екінші кезеңін іске асыруға кірісті. Жобаның құны -37 миллиард теңге. Барлығы 100 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 30 адам жергілікті тұрғын болады. Қазіргі кезде жұмысқа қабылдау жүріп жатыр», - деді Қарғалы ауданының әкімі Асқар Жүсібалиев.