Ақтөбеде жеңіл көлік жол жиегіндегі жыраға аударылды, екі бозбала зардап шекті

АҚТӨБЕ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - 25 ақпаннан 4 наурызға дейін Ақтөбенің жол полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 967 оқиғасын анықтады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Атап айтқанда, көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 55 жүргізуші ұсталды, 314 ақтөбелік азамат қозғалыстың белгіленген жылдамдығын асырды, 317 адам қауіпсіздік белдіктерін тақпады, 104 жүргізуші қозғалыс кезінде ұялы телефонмен сөйлесті. Сондай-ақ жол-көлік ережелерін бұзғаны үшін 324 жаяу жүргінші ұсталды.

Бір аптаның ішінде 7 жол апаты болды, салдарынан 9 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Соңғы жаңалықтар