Ақтөбеде жиһадқа шақырған ер адам 3 жылға сотталды

АҚТӨБЕ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін №2 қалалық сотында ҚР ҚК-нің 164 бабы, 1 бөлімі бойынша айыпталған Бауырдан Жаңбыршинге қатысты үкім шығарылды, деп хабарланды облыстық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

Атап айтқанда, қылмыстық істің материалдарына сәйкес, 2011 жылдың маусымынан 2012 жылдың сәуіріне дейін Б. Жаңбыршин Ақтөбеде, жалдамалы пәтерлерде діни оқулар ретінде тұрақты кездесулер өткізіп тұрған. Кездесу барысында ол тыңдаушыларды жиһадқа және діни шыдамсыздыққа шақырған.

Б. Жаңбыршин ҚР ҚК-нің 164 бабы, 1 бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар