Ақтөбеде жылу берілді, алайда жекелеген үйлерден түскен шағым бар

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласында жылу берілді. Қазіргі кезде кейбір көпқабатты үй тұрғындарының шағымы қайта тексеріліп жатыр.

жылыту орталығы ТЭЦ ЖЭО
Фото: Үкімет

Ақтөбе қаласындағы Жылу орталығы мен «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ-ы өткен аптада жылу беруді бастады. Дегенмен кейбір үйлерге жауапты ПИК, кондоминиум, МИК әлі де жүйені қайта қарап, жекелеген шағымдар негізінде тексеру жүргізіп жатыр.

- Жылу барлық үйлерге қосылды. Егер үйдің дайындығы, пәтерлердегі проблемалар туындаса «Aqtobe su-Energy Group» АҚ-ның және тұрғын үй инспекциясының мамандары барады. Сондай-ақ, көпқабатты үйлерді басқару органдары қазіргі уақытта жылу берілген кезде туындауы мүмкін жылу деңгейі мен гидравликалық балансты реттеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Айта кейік, қалада 1874 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 1538-і «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ-ның орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Ал 336-ы дербес жылыту жүйесімен немесе жеке қазандықпен жабдықталған.

Қалада 128 жылыту қазандығы болса, оның 28-і «Aqtobe su-Energy Group» АҚ-ның меншігінде. Ал 100-іне көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мекемелеріне тиесілі.

Соңғы жаңалықтар