Ақтөбеде жоғалған оқушы қыз достарының жанынан табылды

полиция, участковый, мвд, задержание, стражи порядка
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбелік оқушы бір күннен соң достарының жанынан, саябақтан табылды.

Мектеп оқушысы Аружан Орынбасарова кеше үйінен шығып кетіп, бүгін табылды.

Іздестіру жұмыстарына полициямен бірге еріктілер де жұмылдырылды.

Ол достарының жанында болған. 

— Полиция қызметкерлері оны саябақта достарымен қыдырып жүрген жерінен тапты. Кейін отбасына табысталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Айта кетейік, биыл облыс бойынша 11 жасөспірім жоғалып, табылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram