Ақтөбеде жоғалып кеткен 4 жасар баланың зорлық белгілері бар мәйіті табылды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында 4 жасар Данил Ахуновтың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полицияға сілтеме жасап.
«Іздеу шараларының нәтижесінде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахуновтың зорлықпен өлім белгілері бар мәйіті табылды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді», - деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.

Еске салсақ, Ақтөбе қаласында 4 жасар Данил Ахунов табылмай жатқаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол 28 желтоқсан күні таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоқ болып кетті.

Видеодан алынған кадр/ t.me/POLICE_of_KZ

Соңғы жаңалықтар