Ақтөбеде жоғалып кеткен жас келіншекті полиция жан-жақтан іздеп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жас келіншекті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Егіз қыздың анасы жұмыс орнынан 1 сағатқа сұранып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Айдана Мұхаммеджанованың жоғалғаны туралы арыз 30 тамыз күні Елек полиция бөліміне келіп түскен. 24 жастағы жас келіншек «Алтын бала» балабақшасындағы жұмысын тастап, шығып кеткен. 

«2 қыркүйек күні іздеу жұмыстары басталды. Жедел іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жоғалған адамның мекенжайы анықталуда»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Ал балабақша меңгерушісі 3 жыл бойы жұмыс істеген тәрбиешінің 1 сағатқа шығып кеткенін кеш білген. 

«Алтын бала» балабақшасында жұмыс істегенде ешқандай өрескел қылық көрсеткен жоқ. Үлгілі тәрбиеші, ата-аналармен жақсы тіл табысады. Балаларды жақсы көреді. 28 қыркүйек күні Айдана Мұхаммеджанова жұмысқа келіп, жанындағы тәрбиешіге «меңгерушіден сұрандым, 1 сағатта қайтып келемін» деп кетіп қалған. Балалар қараусыз қалған жоқ. Бірінші кезектегі тәрбиеші барлық міндетті өзі алып жүр. Айдана жұмысқа оралмаған соң акт жасап, 3 қыркүйек күні үйіне хат жолданды»,- дейді балабақша меңгерушісі Динара Туребаева. 

Еске салсақ, Айдана Мұхаммеджанованың 3 жасар егіз қызы бар. Жоғалған күннен бері ол байланысқа шықпаған. 

 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram