Ақтөбеде жол апатынан 2 адам көз жұмды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе – Атырау жолында екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе-Атырау тасжолының Алға ауданы Тамды ауылы маңында «УАЗ-патриот» автокөлігінің жүргізушісі қарсы келе жатқан көліктерге кедергі келтірмейтініне көз жеткізбей басып озып, «Lada - Largus» көлігімен соқтығысқан. Жолдың бұл бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және ол туралы белгілер мен қоршаулар орнатылған.

«Апат салдарынан «Lada – Largus» автокөлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті барлық жүргізушіні жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және оларды болдырмауға бағытталған жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биыл өңірде 374 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 74 адам көз жұмса, оның 10-ы – кәмелет жасқа толмаған балалар. Түрлі жарақат алғандар саны 500-ден асады.

Облыс бойынша 34 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Оларға қатысты 6 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды және жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.


Соңғы жаңалықтар