Ақтөбеде жол апатынан төрт адам зардап шекті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол апатынан төрт адам зардап шегіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жол апатынан төрт адам зардап шекті

Ақтөбе обылсы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылы жағынан Ақтөбе қаласы бағыт алған «ВАЗ-21014» автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі басты жолдағы көлік құралына жол бермей, салдарынан «Форд Фокус» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан кейін «ВАЗ-21014» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы Мәртөк ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.