14:55, 27 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Ақтөбеде жол апатынан жас жігіт көз жұмды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде көлік аударылып, 19 жастағы жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының тұрғыны Ембі қаласынан Юбилейное кенті бағытында келе жатқан. «Ваз-2110» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдың сол жағына қарай аударылған.
«Жол–көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыны ереже сақтауға шақырады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.