Ақтөбеде жол ережесін сақтамаған жүргізушілер 163 миллион теңге айыппұл төлейді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Рубеж» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен 16 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жол ережесін сақтамаған жүргізушілер 163 миллион теңге айыппұл төлейді

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарының Ақтөбе қаласына кіруін-шығуын бақылау мақсатында қаланың 7 нүктесіне «Рубеж» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды. Жүйе мемлекеттік нөмірді, көліктің маркасы мен түсін автоматты түрде тануға, сондай-ақ жылдамдықты анықтауға арналған.

«Ақтөбе-Орск, Ақтөбе-Орал, Ақтөбе-Хромтау, Ақтөбе-Мәртөк, Ақтөбе-Алға бағытында жылдамдық өлшенеді. Жыл басынан бері 16 мыңнан астам жол ережесі бұзылды. Барлығы 163 миллион теңгеден астам айыппұл салынды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.