Ақтөбеде жол-көлік апатының куәгерлері іздестіріліп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, жолаушы көз жұмды. Полиция істің мән-жайын анықтау үшін куәгерлер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе қаласында 11 тамыз күні сағат 23:40 шамасында «Daewoo Nexia» және «ЛАДА 21703» маркалы автокөлігі соқтығысты. Салдарынан «ЛАДА 21703» маркалы автокөлігінің жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

«Жол көлік куәгерлерін 93-64-04, 936-410, 8-705-970-80-48, 8-775-832-07-98 телефондарына хабарласуды немесе облыстық полиция департаменті №404 кабинетіне жолығуды сұраймыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар