Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан екі адам ажал құшты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Самара-Шымкент» тасжолында жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнында көлік жүргізушісі мен жолаушы қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан екі адам ажал құшты

«Самара Шымкент» республикалық тасжолында, Хромтау ауданының маңында «Опель Астра» және «Фольксваген Пассат» көлігі соқтығысып, жол оқиғасы кезінде екі адам қаза болды.

«Екі көлік соқтығысып, 60 жастағы «Фольксваген Пассат» көлігінің жүргізушісі мен «Опель Астра» көлігінде отырған жолаушы қаза болды. Ал бір жүргізуші мен 7 жолаушы қазір Хромтау аудандық ауруханасында жатыр. Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осы оқиғаға байланысты бірнеше сот-медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды.