12:06, 06 Наурыз 2024 | GMT +5
Ақтөбеде жол-көлік апатынан бірден 8 адам мерт болды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысында жол-көлік апаты болып, 8 адам көз жұмған. Бір көлік өртеніп кетті.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 08:36–да тіркелген.
Ақтөбе-Атырау тасжолында Лада Ларгус және Тойота Хайлюск көлігі соқтығысқан.
— Жол-көлік апаты кезінде Лада Ларгус көлігі жанды. Барлығы 8 адам көз жұмды. Сонымен бірге 3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер қарап шықты, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев.
Айта кетейік, жолаушылар арасында балалар да болған.
Қазіргі кезде олардың жасы мен аты-жөні анықталып жатыр.