Ақтөбеде «Жолдағы қабылдау» акциясы басталды

АҚТӨБЕ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде жыл сайынғы «Жолдағы қабылдау» акциясы басталды. Бұл шараны Ақтөбе облысы ІІД жол полиция басқармасы және «Нұр Отан» ХДП-ның бөлімшесі ұйымдастырды.
None
None

ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, көшпелі қабылдау Хромтау ауданының Бөгетсай ауылына, Комсомол және Әйтеке би ауданының Қарабұтақ кентіне барып, тұрғындарды қабылдайды.

Акцияға әртүрлі көлік мектептерінің 3 көлігі мен азаматтарды қабылдау үшін 1 шағын автобус қатысады. Тұрғындардың сұрақтарына жол полиция басқармасының өкілдері жауап береді, оның ішінде Ақтөбе жол полиция басқармасының басшылығы да болады. Сонымен қатар азаматтарға құқықтық және консультативтік көмек көрсетіледі, қабылдауды «Нұр Отан» ХДП-ның және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүргізеді.

2012 жылдың 4 айында Ақтөбе облысында 28 адам көз жұмып, 180 жарақаттанған 142 жол-көлік апаты тіркелді.

 ІІБ-ның қызметкерлерімен жол жүру ережесінің 31 268 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде мас күйінде көлік жүргізген 823 жүргізуші ұсталды. Әкімшілік қамауға 176 жүргізуші алынса, тағы да 1014-і көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

Соңғы жаңалықтар