Ақтөбеде жолдан жүгіріп өтпек болған 7 жастағы баланы көлік қағып кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 7 жастағы баланы көлік қағып кетті. Ол жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жолдан жүгіріп өтпек болған 7 жастағы баланы көлік қағып кетті

«34 жастағы «Volkswagen Passat» маркалы автокөлік жүргізушісі Ақтөбе қаласының Жанқажа батыр және Асау Барақ көшелерінің қиылысында 7 жастағы баланы қағып кетті. Бала оқиға орнында қаза болды. Жол-көлік оқиғасы сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережесі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша іс қозғалды.