Ақтөбеде жолды кесіп өтпек болған жүргінші көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе-Орск тасжолы бойындағы ауыл маңында жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргінші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жолды кесіп өтпек болған жүргінші көз жұмды

Ақтөбе-Орск тасжолымен келе жатқан «Lada» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі жылдамдықты бәсеңдетпей, жолды кесіп өтпек болған адамды қағып кетті. Көлік қағып кеткен 42 жастағы тұрғын сол жерде көз жұмды.

«Жол-көлік оқиғасына байланысты Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша тергеу басталды. Жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 141 оқиға тіркелді. Онда 11 адам көз жұмса, 135-і түрлі дәрежеде жарақат алды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.