Ақтөбеде жүк көлігі мен тепловоз соқтығысты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жүк көлігінің жүргізушісі ереже сақтамай, тепловозбен соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін облыстық маңызы бар Қарабұтақ-Қостанай тасжолының «Қызылсай» теміржол өткелінде болды. Онда көлік пен тепловоз соқтығысты.
«МАN TGA» жүк көлігінің 57 жастағы жүргізушісі жол ережесін сақтамай, теміржол өткеліне жеткен кезде тоқтамады. Сол кезде тепловозбен соқтығысты. Адамдар дін аман, ешкім жараланған жоқ»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Самара-Шымкент тасжолының Қарабұтақ ауылы маңында жүк көлігі атты адамды қағып кетті. Малшы жараланып, оқиға орнында көз жұмды. Қазіо осы дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр.