Ақтөбеде жүк көліктерінің жүргізушілеріне айыппұлдар салынып жатыр

АҚТӨБЕ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Көктем басталысымен құрылыс алаңдарынан шыққан үлкен жүк көліктері қалалық жолдарды ластап, жол қозғалысының басқа қатысушыларына ыңғайсыздық тудырады.
None
None

Заңға сәйкес, құрылыс нысандары жуу орындарымен жабдықталуы тиіс. Жүктасығыш көліктердің дөңгелектері олардың құрылыс алаңдарынан шығар алдында жуылып-шайылуы қажет. 

Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, облыстық департаменттің жол полициясы басқармасы облыс орталығындағы тәртіпбұзушылықтардың алдын алу бойынша рейд өткізді. ЖПБ жасақтары құрылыс алаңдарын бақылауды қолға алды.

Әкімшілік кодектің 485 бабына сәйкес жол төсемін ластағаны үшін айыппұл салу қарастырылған - жеке тұлғалар үшін - 1 АЕК-тен 2 АЕК-ке дейін, лауазымды және заңды тұлғалар үшін - 20 АЕК-ке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін - 20 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін.

Бұдан басқа, батпақ жауып, оқылмай қалған мемлекеттік нөмірлік белгілер мен лас көліктер анықталып отырды. Мұндай көліктермен жүрген 30-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынбады, бірақ тәртіпбұзушылықты жою ұсынысы айтылды. 

Жыл басынан бері ластанған нөмірлері бар көліктерді жүргізген 135 адам әкімшілік жауапкершілкке тартылған.

Соңғы жаңалықтар