Ақтөбеде жүк пойызының тепловозынан өрт шықты

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбенің жүк пойызының тепловозынан өрт шығып, вагондар ажыратылды. Өрт 1 сағаттан соң сөндірілді.

Ақтөбеде жүк пойызының тепловозынан өрт шықты
Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Оқиға бүгін сағат 01:45-те Мұғалжар ауданы Ембі қаласынан 37 шақырым қашықтықта болған. Бұл қосалқы, яғни, жеке теміржол бойында тіркелген өрт. 

- Бұл Жаңажолдан Ембі стансасына бағыт алған жүк пойызы. Машинистер бірден вагондарды тепловоздан ажыратты және қауіпсіз жерге әкетті. Өрт сағат 03:50-де толық сөндірілді. Зардап шеккен адам жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, Ақтөбеде 45 жастағы әйел теміржолда көз жұмды. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодексінің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс тіркелді.