Ақтөбеде «Жүректен жүрекке» атты акция болып өтті

АҚТӨБЕ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Өткен сенбі күні Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрда «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы болып өтті.
None
None

Іс-шара «Бөбек» қорының негізін қалаушы және президенті, «Өзін өзі» тану білім беру жобасының авторы және Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаеваның туған күніне арналып өтті.

Балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент ұйымдастырған мерекеге Алға облыстық балалар үйінен, Тамды жәрдемші мектеп-интернатынан, Қобда, Темір, Хромтау аудандарындағы отбасылық типтегі балалар үйінен 300 бүлдіршін шақырылды.

Балалардың назарына Т.Ахтанова атындағы облыстық драма театры әртістерінің, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония, «Алақай» қуыршақ театр өнерпаздарының және қалалық оқушылар сарайы тәрбиеленушілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар