Ақтөбеде жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан топ ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында заңсыздықтың жолы кесілді.

«Облыстық полиция департаменті көлік құралдарын жүргізу үшін куәлік беріп, халыққа заңсыз қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Тінту іс-шараларын жүргізу барысында топтың әрбір қатысушысының қылмыстық рөлін растайтын заттай дәлелдемелер алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Әлеуметтік желіде осы операция барысында түсірілген видео тарап, Қазнетте қызу талқыланып жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін Ақтөбеде ірі қарадан вирусты диарея анықталып, қазір ауылға шектеу шарасы енгізіліп жатқанын хабарлаған едік.

Инфекциялық ауру белгісі көпшілікке таныс. Ірі қараның қызуы көтеріледі, асқазаны ауырып, іші өтеді. Кейін өледі. Бүгінгі күні ветеринар дәрігердің бастамасымен шектеу қойылды. Мал қозғалысы тоқтайды. Ауыл әкімінің шешімі күшіне енгеннен кейін республикалық жұмыс тобы қызмет етеді. Залалсыздандыру, вакцина салдыру жұмысы жүреді.

Видеодан алынған кадр





Соңғы жаңалықтар