20:51, 26 Қаңтар 2020 | GMT +5
Ақтөбеде журналистер мінген автобус аударылып қалды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара - Шымкент тасжолында тілшілер мінген микроавтобус аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық порталының хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 09:30-да Самара - Шымкент тасжолының 1024 шақырымында, яғни Әйтеке би ауданының Ұлғайсын ауылы маңында болған.
«Бізде екі адам бақылауға алынды. Журналистің жағдайы орташа ауыр. Жабық бас-ми жарақаты, кеуде тұсы зақымданған. Таңертеңге дейін бақылауда болады. Ал жүргізушіге санавиация шақырылды», - деп хабарлады Хромтау аудандық ауруханасынан.
Айта кетейік, тілшілер Ырғыз және Шалқар ауданы әкімдерінің есеп беру шарасына қатысу үшін бүгін жолға шаққан болатын. Олардың арасында жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері бар.