Ақтөбеде жүйке ауруына шалдыққандар атынан көлік сатып алу шарты жасалған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін диспансер балалар мен ересектерді бір бөлімге жатқызды. Өз іс-әрекеттеріне есеп бере алмайтын адамдар автокөлік құралдарын сатып алу, сату туралы 10 шарт жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ойлау қабілеті төмен, өз әрекетіне жауап бермейтіндердің құқығын қорғаған прокуратура бірнеше заңсыздықты анықтады. Мәселен, өткен жылдың тамыз айында Шалқар ауданының 35 жастағы тұрғыны өз бетімен шешім қабылдай алмайды, мүгедек деп танылған. Бірақ әлі күнге дейін оған қорғаншы тағайындалмаған. Прокурорлардың мәліметіне сүйенсек, ІІ мүгедегі Тараз қаласындағы туыстарының үйінде тұрады.

«Ақтөбе қаласының тұрғыны 2008 жылдың қаңтарында әрекетке қабілетсіз деп танылған. Оған арада 8 жыл өткен соң ғана қорғаншы тағайындалған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрекетке қабілетсіз тұлғалардың мүлкіне де қорғаншылық белгіленуі тиіс. Ақыл-есі дұрыс емес 21 адамға мұндай қорғаншылық мүлдем бекітілмеген. Өз іс-әрекеттеріне есеп бере алмайтын адамдар автокөлік құралдарын сатып алу, сату туралы 10 шарт жасаған»,- деді облыстық прокуратураның бірінші басқарма басшысы Қанат Нақымбеков.

Мүгедектерге қатысты медициналық тексеруден тұрақты өту заңдылығы бұзылған. Соңғы екі жылда осы топтағы азаматтардың тек 15 пайызы ғана денсаулығын тексертіп, скринингтен өткен екен.

«Психоневрологиялық диспансерде жатқан адамдардың да құқығы сақталмаға. Мысалы, диспансердің балалар бөлімшесінде бос орындар болса да бес бала ересек науқастарға арналған бөлімшеге жатқызылған. Оларға медициналық көмекті арнайы санаты жоқ дәрігерлер көрсеткен. Прокуратураның актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылды. 3 қызметкер жауапкершілікке тартылды»,- деді Қанат Нақымбеков.

Соңғы жаңалықтар