Ақтөбедегі боран: тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті, 7 бағыттағы автобус тоқтады

боран
Фото: Астана әкімдігі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласында барлық бағытта жол жабық. Сонымен бірге қала маңындағы тұрғын үй алаптарына қатынайтын қоғамдық көлік жүрмей жатыр.

Ақтөбе қаласында қазір ақтүтек борын болып тұр. Бүгін мектеп пен колледждерде сабақ онлайн өтіп жатыр. Сонымен бірге №41, 44, 45, 49, 43, 37, 21 бағыттардағы Өрлеу, Ақшат, Жанақоныс, Бекқұл баба, Сазды, Құршысай, Жаңақоныс тұрғын алаптарына қатынайтын автобустар тоқтатылды.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл аумақтарды полиция бақылауға алып, қатынасқа шектеу қойған. 

Ақтөбе қаласында боран салдарынан тұрғын үйдің шатыры да ұшып кетті.

- Жел екпінінің күшеюі салдарынан кейбір бау-бақша ұжымдарында электр желісі үзілді. Қазіргі уақытта «Энергосистема» бригадалары жөндеу жұмысын жүргізуде. Әуеқалашығы 1/1 мекежайында тұрғын үйдің шатыры ұшты. Мұнда да жөндеу жүргізіледі, - деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар