Ақтөбедегі Дөң кен-байыту комбинатында ұңғылаушы көз жұмды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Қазір комиссия құрылып, тергеу жүріп жатыр. Шахтада тау-кен массасы опырылған.
Ақтөбе облысы Хромтау қаласында орналасқан Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасында тағы да қайғылы жағдай болды. Жұмысшы жарақат алып, көз жұмды.
— 2026 жылғы 20 қазанда Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында сақтандыру бекітпесін орнату жұмыстары кезінде тау-кен массасы опырылды. Оқиға салдарынан ұңғылаушы ауыр жарақат алып, қаза тапты. Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Комбинат басшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Компания отбасына қажетті көмек көрсетеді, — деп хабарлады Дөң тау-кен байыту комбинаты.
Еске салсақ, былтыр Ақтөбедегі Дөң тау-кен байыту комбинатында үш жұмысшыны күйік шалып, ауруханаға түскен еді.