Ақтөбедегі гидротехникалық құрылғыларға тексеру жүргізілді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбедегі 200-ден астам гидротехникалық құрылғының бәрі тексерілді. Ондағы су көлемі әзірге 50% аспайды.

Свыше 500 гидротехнических сооружений нуждаются в ремонте в Казахстане
Фото: sapr-soft.ru

Ақтөбе облысы бойынша қазіргі кезде 206 гидротехникалық құрылғы бар. Оның 10-ы республикалық, 174-і облыстық, өзгесі жеке мекшікте. 

- Гидротехникалық құрылғылардың бәріне тексеру жүргізіліп, қала, аудандарда жауапты адамдар бекітілді. Олар көктемгі су тасқыны кезеңі алдында бәрін қарап шықты. Қазір гидротехникалық құрылғылардың жағдайы тұрақты. Су көлемдері 50% аспаған. 2022-2023 жылдары 6 гидротехникалық құрылғыға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұған дейін құрылғылар жақын маңдағы ауылға қауіп төндірген болса, биыл бәрі өзгерді. Ол маңдағы ауылдарда суға кету қаупі жоқ. Соған қарамастан арнайы техникалар кезекшілікке қойылды,- деді Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Бақыткелді.

Ақтөбе облысында биыл тағы 2 гидротехникалық құрылғы жөнделеді. Олар Алға және Мәртөк ауданындарында орналасқан. 

Айта кетейік, көктемгі су тасқының алдын алу үшін өңірде штаб құрылып, жұмысын бастады

Соңғы жаңалықтар