Ақтөбедегі референдум учаскелерінің көбі қала ішінде орналасқан

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Өңірде барлығы 542 референдум комиссиясы жұмыс істейді, Оның 14-і аумақтық.

референдум БАҚ
Коллаж: Kazinform/ Nano Banana/ Canva

Ақтөбе облыстық аумақтық референдум комиссиясының хабарлауынша, қазіргі кезде учаскелердің төрағасы мен мүшелерінің құрамы анықталды. 15-наурыз күні барлығы 542 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде14-і аумақтық, ал 528-і учаскелік референдум комиссиясы. Сонымен бірге өңірде 528 референдум учаскесі құрылған. Көбі Ақтөбе қаласында орналасқан.

— Референдум учаскесінің 177-і Ақтөбе қаласында орналасқан. Жалпы өңірдегі комиссияның 3 мыңнан астам мүшесі бар. Бәрі де референдум кезіндегі жауапкершілікті түсенеді, өз міндеттерін біледі. Олар дауыс беру процесінің заң аясында жүргізілуін қамтамасыз етеді. Ал сайлаушылар саны 22-ақпан күні белгілі болады, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық аумақтық референдум комиссиясы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, СҚО-да 600-ге жуық референдум учаскесі құрылған.

Ал Батыс Қазақстанда референдумда дауыс беруге құқылы 450 мыңнан астам азамат бар.

Соңғы жаңалықтар
Референдум