Ақтөбедегі жарылыс: Қылмыстық іс қозғалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Іс қылмыстық кодекстің “Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу” бабы бойынша қозғалды.

Ақтөбедегі жарылыс: Қылмыстық іс қозғалды
Фото, видео: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Қаладағы Абай даңғылында 36 жастағы ер адам қайтыс болған. Осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің 292 баптың 2 тармағы бойынша іс қозғалды. 

Ақтөбедегі жарылыс: Қылмыстық іс қозғалды
Фото, видео: Алтынай Сағындықова/Kazinform

- Хабарлама сағат 18:34-те түсті. Оқиға орнына келген кезде 4-5 қабаттардың өртенгені, 4-қабаттың едені опырылып, үшінші қабатқа түскені анықталды. Өртке 16 техника, 52 адам жұмылдырылды. 73 адам эвакуацияланып, бір адамды бесінші қабаттан құтқардық,- деді облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары Еркін Қашқанов.

Ақтөбедегі жарылыс: Қылмыстық іс қозғалды
Фото, видео: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Айта кетейік, Ақтөбеде пәтерде әлдене жарылып, бір адам оқиға орнында қаза тапты.

Мамандар үйдің жарамдылығын тексеріп жатыр. Үй су, жарықтан ажыратылды. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы орган үй тұрғындарына жатақханадан бөлме дайындады.

Соңғы жаңалықтар