Ақтөбедегі адамдарды қазаға ұшыратқан қатыгез экстремистік шабуыл зығырданымызды қайнатты - Р.Минниханов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының атына Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтан көңіл айту жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Р.Минниханов Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақтөбеде болған қайғылы оқиғаларға байланысты шын ниетпен көңіл айтты.
«Адамдарды қазаға ұшыратқан қатыгез экстремистік шабуыл біздің зығырданымызды қайнатты. Қылмыскерлер табылып, заңды жазасын алады деп сенеміз. Қаза болғандардың жақындарына қайғысына ортақтасып, шын ниетпен қолдайтынымызды, аяусыз қылмыс кезінде зардап шеккендердің бәрінің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімізді жеткізуді өтінеміз» - делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар
telegram