Ақтөбедегі Алматы ауданына жаңа әкім тағайындалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі болып Абат Көбенов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Президент Әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімімен, қала әкімі Асхат Шахаровтың өкімімен Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі болып Абат Көбенов тағайындалды.

Абат Көбенов 1987 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін мұнай-газ ісі мамандығы бойынша, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Ақтөбе облысының жастар қоғамдық бірлестіктерінде қызметін бастаған. 2007 – 2009 жылдары жеке кәсіпорындарда басшылық қызметте болған. 2009 – 2013 жылдары Ақтөбе облысының және қаласының коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде маман, директордың орынбасары болды. 2013 – 2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бас маманы, әкімнің көмекшісі, бөлім басшысы болып еңбек етті. 2017 – 2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының бөлім және аппарат басшысы болды. 2020 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар