Ақтөбедегі көпір маңынан табылған балалардың ата-аналары әлі іздестіріліп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 1,5 және 2 жастағы балалардың ата-аналары әлі іздестіріліп жатыр. Үміт сәбилер үйіне жеткізілген балалар арнайы медициналық тексеруден өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе қаласындағы Заречный-1 елді мекеніндегі көпір маңында жүрген балаларды тұрғындар кезіктіріп, кейін полицияға хабар берген. Содан бері олардың ата-аналарын іздеу жұмысы жүріп жатыр. Дегенмен нәтиже жоқ.
null 

«Балалар табылған жерге барып, іздеу жұмыстарын жүргіздік. Бау-бақша ұжымындағы тұрғындар оларды танымады. Балалар өз аттарын айта алмайды, сөйлемейді. Кішкентайлар уақытша «Үміт» сәбилер үйіне берілді»,- деді Заречный полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Эльвира Тарғынова.

Сәбилер үйінің қызметкерлері балаларды жуындырып, таза киімдер кигізді. Арнайы медициналық тексеруден әлі өткізіліп жатыр. Тіпті лақап ат қойған. 

«Балаларға суық тиіп, ауырды. Қазір жағдайлары жақсы, ем қабылдап жатыр. Олардың дамуында ешқандай кінәрат жоқ. 2 жастағы ер бала бірнеше сөз айта алады. Ал кішкентай қыз сөйлемейді. Ұлға Медет деп ат қойылды. Егер бір айда олардың ата-анасы табылмаса құжаттар дайындалады»,- деді «Үміт» сәбилер үйінің бас дәрігері Қадырбек Иманбаев.

Соңғы жаңалықтар