Ақтөбедегі қызмет көрсету нысандарға кедергісіз жұмыс істеуге рұқсат берілді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе «жасыл» аймақта. Карантин шектеуі жеңілдеп, «көк» мәртебесі бар адамдардың еркін қозғалысына рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша жұмыс режиміне шектеулер белгіленбейді. Келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда қызметтің барлық түрі үшін шектеусіз көрсетіледі.
«Ұлттық құрамалардың жұмысы жалғасады. Спортшылардың жаттығу жасауына рұқсат. Спортшылар мен жаттықтырушылар вакцина қабылдаса, ПТР тест тапсырса облыстық құрама да оқу-жаттығу өткізе алады. Санитариялық-эпидемиологиялық талап сақталған жағдайда көшедегі саудаға рұқсат беріледі»,- деп жазылған қаулыда. Сонымен бірге сауда-ойын сауық орталықтары, демалыс орындары, түрлі қызмет көрсету нысандары, дүкендер, мәдени нысандар, спорттық кешендер еш кедергісіз жұмыс істейді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқушылар дәстүрлі форматта оқуға көшті.