Ақтөбедегі лаңкестік кезінде жараланғандардың барлығы ауруханадан шықты - Т. Дүйсенова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі лаңкестік кезінде жараланғандардың барлығы ауруханадан шықты. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу барысында сауалға жауап берген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова кезде айтты.
None
None

«Республикалық санитарлық авиация Ұлттық ғылыми орталықпен бірге А.Байгенжиннің басшылығымен бірлескен жұмыстар жүргізді. Бұл жұмыстардың нәтижесін біз Ақтөбедегі әріптестерімізге көмек көрсету барысында көрдік. Яғни, өңір тарабынан шақыруды күтпестен-ақ экраннан көру немесе пациенттің жағдайы туралы ақпаратты алу арқылы біз ол жаққа қажетті мамандығы бар  дәрігерді жібере алдық. Осы жұмыстардың арқасында Ақтөбеде ауруханаға түскен пациенттердің барлығы да ауруханадан шықты және олардың жағдайлары бүгінде тұрақты», - деді Т.Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар