Ақтөбедегі мәйіттік донор дауы: Дәрігерлердің жұмысы заңды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе полициясы мәйіттік донор дауына қатысты істі тергеп, дәрігерлердің жұмысы заңды деп шешім шығарды. Қазір тергеушілердің шешімін прокуратура қарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде мәйіттік донорға қатысты дау шығып, қаза болған Серікболсын Көшербайдың туған-туыстары сотқа арыз түсірген болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай,  азаматтың іс кезінде қаза болған жігіттің туыстары дәрігерлерден моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге талап етіп, кейін іс тоқтатылды.  

Ақтөбеге Ұлттық трансплантологияны үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиев арнайы келіп, марқұмның отбасына көңіл айтып баруға келісті. Мәйіттік донордың заңдылығымен таныстырып, адамның «миы өлген» кезде еш рұқсатсыз оның ағзасын алуға рұқсат етілетін тәртіпті түсіндірді.   Дегенмен Серікболсын Көшербайдың туыстары жазған арызға байланысты полиция қылмысты істі тергеді. 

«Серікболсын Көшербайдың дене мүшесін трансплантациялау дерегіне қатысты туыстарының арызы бойынша Зауыт полиция бөлімі сот алды тергеу жұмыстарын жүргізіп, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан істі тоқтатты. Қылмыстық кодекстің «адам мәйітінің ағзалары мен тіндерін заңсыз алу» бабы бойынша дәрігерлердің жұмысына құқықтық баға берілді.

Тергеу мәйіттік донор ережесінің бұзылмағанын анықтады. Прокуратура шешімнің заңдылығын қарап жатыр», - деп жазды өз парақшасында облыстық прокуратураның аппарат басшысы Жасұлан Дәулембаев.

Соңғы жаңалықтар