Ақтөбедегі медициналық орталықта алғаш рет жүрекке күрделі ота жасалды

 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе медициналық орталығының кардиологтары шеберлік сабағына қатысып, алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы бірқалыпты. Екеуі ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде медициналық кластерді дамыту мақсатында күрделі операциялар шеберлік сабағы түрінде өтеді. Наурыз мерекесі күндері Астана қаласындағы ғылыми кардиохирургия орталығы, аритмология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Аян Абдрахмановтың қатысуымен жүрекке күрделі ота жасалды.

«Ақтөбе медицина орталығында төрт ота жасалды. Оның біреуі ауруханада алғаш рет жүргізілді. Яғни, СPT Д арқылы жүректегі ақау реттелді. Науқастардың жасы әртүрлі. Олар 30-60 жас аралығындағы науқастар жүрек ырғағының бұзылу дертіне шалдығып, емханада тіркеліп, порталмен келді. Біз шеберлік сабағын өткізіп, күрделі отаны меңгеруді қолға алдық»,- деді Ақтөбе облыстық медицина орталығының кардиолог - аритмологі Жамбыл Жайлыбаев. Дәрігерлер бір күнде төрт науқасқа ота жасауға 10 сағатын жұмсады. Жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек жиырылуының нашарлауы, қан айналымның бұзылуы, жүрек камерасының үлкеюі.
null 

«Жүрек ауруы жасқа қарамайды. Кейде шұғыл ота жасау қажет жағдайлар тіркеледі. Жүрегі тоқтап қалғандар да көмек алады. Ақтөбе облыстық медициналық орталығындағы алғашқы отаның шеберлік сабағына кардиолог Болат Хамидулла да қатысты. Біз күрделі операцияны алдымен шеберлік сабағы арқылы жасап, кейін өзіміз меңгереміз. Ал жүрегінде «шум» бар 15 науқасқа өзіміз көмек бердік. Бұл бізде жиі жасалатын ота»,- деді Жамбыл Жайлыбаев. 

null null 

Соңғы жаңалықтар